Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президент бидай сапасын арттыру үшін диқандарға тың технологияларды қолдануды тапсырды

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
2104
Президент бидай сапасын арттыру үшін диқандарға тың технологияларды қолдануды тапсырды

Диқандар бидайдың сапасын арттыру үшін астықтың сұрпын ғылыми зерттеп, тың технологияларды пайдалануы тиіс. Қостанай облысына екі күндік сапары кезінде президент осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев мол астық бастырған аймақ диқандарына алғыс білдіріп, алдағы уақытта майлы дақыл үлесін арттыруды жүктеді. Өйткені тауар өндірушілер өз жұмысын әрі қарай дамытып, әлемдік нарыққа шығатындай болу керек деді. Кездесу барысында Елбасы субсидия мәселесін де тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекет ауыл шаруашылығы саласында субсидия қолданатындығын жақсы білесіздер. Бірақ кейде сол субсидия бәріне түгел жетпей жатады дегенді естимін. Сол қаражатты несие ретінде берген дұрыс шығар. Бұған қалай қарайсыздар? Сол сомманы ауылға арналған жеңілдетілген несие түрінде бөлсек, әлгі түсініксіз субсидиядан гөрі тиімдірек болатын секілді.

Заңғар САНАЙ