Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыдағы көлік саласын жаңғыртуға 130 млрд теңге жұмсалмақ

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
2118
Алматыдағы көлік саласын жаңғыртуға 130 млрд теңге жұмсалмақ

Алматының әкімі Бауыржан Байбек шаһардағы қазылған көшелерге байланысты тілшілердің сынына жауап берді. "Бұл ауқымды жұмыс елдің игілігі үшін жасалып жатыр, ол әлі де жалғасады", - деді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

БАҚ пен әлеуметтік желіде сыни пікірлер көп болды,  жұрт «көшелерді қазып тастадыңдар» деп наразылық танытты. Біз: «Үш ай шыдаңыздар, содан кейін 10 шақты жыл қуанып жүресіздер», - дедік. Дәл солай болды. Жоба алғаш рет қолға алынғанда көбісі қолдай қойған жоқ. Жаңа нәрсенің әрқашан кедергіге кезігетіні белгілі, бірақ айналып келгенде бәрі үйлесім табады ғой.

Енді Алматыда ескі трамвай желісінің орнына жеңіл рельсті транспорт жүреді. Ол "Батыс трамвай" деп аталады. Шусыз, экологиялық таза, заманауи әрі ыңғайлы көлік бағыты «Саяхат» пен «Алматы арена» аралығында қатынайды. Көлік саласын жаңғырту бойынша шығын есептелген, ол бас-аяғы 130 млрд теңге. Қала әкімі "бұл әлемдегі ең үнемді жоба" деп отыр.