Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ауыл шаруашылығы бағытындағы проблемалар талқыланды

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
4228
Ауыл шаруашылығы бағытындағы проблемалар талқыланды

Ел дамуында ауыл шаруашылығы бағытының алар үлесі зор. Дегенмен бұл салада проблема шаш етектен. «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалымен ұйымдастырған жиында шаруалар осындай ойды ортаға салды. «2017-2021 жылдарға арналған агронеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбындағы партиялық тыңдауға ауыл шаруашылығы өндірушілерімен қоса, мемлекеттік органдардың өкілдері де шақырылды. Тараптар аталған бағытта қордаланып қалған мәселелерді талқыға салды. Ауыл шаруашылығы секторында шешілмеген түйткіл көп. Соның негізгісі - материалдық-техникалық базаның нашарлығына келіп тіреледі. Сонымен қоса, өнімді сақтау, өңдеуші кәсіпорындарда тиісті шикізаттың жоқтығы және оның сапасының төмендігі. Бұл түйткілдер жойылмай, отандық өнімді экспорттау ісі де алға баспасы анық,- деген пікірде шаруалар. Сондықтан ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру мәселесіне ден қою маңызды. Әлемде 250 млн кооперативтік кәсіпорындар жемісті жұмыс істейді. Оның жылдық айналымы 3,2 триллион долларды құрайды.

Ерлан Тоқтұшақов, «Ертіс Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы:

Бізде үлкен потенциал бар. Шикізат пен мүмкіндік бар. Оның үстіне әлемдік мол тәжірибе де бар. Бірақ, бұған қарамай, біз бар дүниемізді пайдаланбаймыз. Сондықтан бүгінгі «Нұр Отан» партиясы ұсынған алаңда мемлекеттік органдар өкілдерімен тұшымды диалог құруға мүмкіндік туып отыр. Меніңше, мұндай басқосулар тараптардың ой-пікірін білу үшін өте қажет.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ