Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына жағдай жасамақ

AstanaTV
09.11.2017ж. 20:00
2172
Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына жағдай жасамақ

Колледждерде мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына мүмкіндік жасалмақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен жиында Білім және ғылым министрінің орынбасары айтты. Келер оқу жылынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінер қаржы көлемі ұлғайтылмақ. Мұнан өзге министрлік мамандары жастардың жұмысқа орналасуына да көмектеспек. Ол үшін өндіріс ошақтарында жас маманды еңбекке баулитын жетекшілер тағайындалады. Тіпті алдымен жетекшілердің өздерін бір оқытып алу жоспары бар. Қазір нарықтың сұранысына сай мамандарды оқыту қолға алынған. Алайда партия мүшелері, бұл салада әлі де түйінді мәселе бар, деп отыр.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Колледжерді бейімдеу мақсатында қайталанатын мамандықтарды қысқартып, еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды оқыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар колледждерді замануи жүйеде жабдықтау мәселесі өте актуалды.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ол бала жәрдемақысын жолақысын алады. Білім деңгейі қанша болса да, сол дүниенің бәрі оқушыға тиесілі болады. Кездесіп отырған қандай проблемалар бар? Әлі де болсын нақты құжаттардың болмай жатқаны жасырын емес.