Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жемқорлық жайында ақпарат бергендер үшін биыл бюджеттен 43,7 млн теңге бөлінді

AstanaTV
22.04.2016ж. 20:00
1926
Жемқорлық жайында ақпарат бергендер үшін биыл бюджеттен 43,7 млн теңге бөлінді

Жемқорлық жайында мәлімет бергендер үшін бюджеттен 43,7 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы «Астана» арнасына эксклюзивті сұхбат берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті жетекшісінің орынбасары Талғар Серікбаев жетікізді.  2012-2015 жылдары мұндай заң бұзулық жайында мәлімет берген 343 адам болыпты. Оларға берілген сыйақы сомасы 40 млн теңгені құраған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 60 хабарлама түскен.

Талғар Серікбаев,  ҚР МҚІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департамент жетекшісінің орынбасары:

Азаматтарды көтермелеу үшін жыл басынан бері бюджеттен 43,7 млн теңге бөлінген. Айта өту керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне күнделікті жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар келеді. Олар заңға сәйкес тіркеліп, олар бойынша шешім қабылданады.

Талғар Серікбаев сондай-ақ, ақпарлардың 1494 нөмірі арқылы колл-центрге де түсетінін айтады. Бірақ ұлттық бюро әрбір мәліметтің нақтылығын жіті тексеруі міндет. Себебі кейде мәліметтер жалған болуы да мүмкін. Ондай жағдайда хабарлама иесі де қатаң жауапқа тартылмақ. Ал сыйақы мөлшерінің деңгейі де әртүрлі бекітілген. Ақпардың нақтылығына, әрі жемқорлық дерегінің ауырлығына қарай 30-дан 100 айлық есептік көрсеткіш шамасында тағайындалады.

Құралай ПИОНЕР