Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жасалған келісімшарт көлемі соңғы 8 айда 2,5 есеге өскен

AstanaTV
10.11.2017ж. 20:00
2223
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жасалған келісімшарт көлемі соңғы 8 айда 2,5 есеге өскен

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жасалған келісімшарт көлемі соңғы 8 айда 2,5 есеге өскен. Мамыр айында 46 шарт жасалған болса, бүгінде ол 116-ға жетті. Бүгін Мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясы осы бағытта атқарылған жұмыс есебін тыңдады. Шарт жасасу бойынша көшбасшы Қарағанды, Қостанай, және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Ал инвестиция көлемі жағынан, яғни жоба құны бойынша, Ақтөбе және Астана қаласы озып тұр.

Айта кету керек, тамыз айында Парламентке мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру және жеңілдету бойынша заң жобасы түсті. Мәжіліс мақұлдаған құжат қазіргі уақытта Парламент Сенатында. Басты өзгерістердің бірі - жобалар бойынша келісу және сараптамалар мерзімдерін қазіргі 7 айдан 3 айға дейін қысқарту.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

МЖӘ жүйесі неліктен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, өндіріс орындары, зауыттар құрлысын қолға алмайды? Неліктен әлеуметтік жобалармен шектеліп отыр? Мүмкін, осы бағытқа да көңіл бөлген жөн шығар.