Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бас банкир «DeltaBank-ке» қатысты біршама тың деректерді айтты

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
1768
Бас банкир «DeltaBank-ке» қатысты біршама тың деректерді айтты

«DeltaBank» - осы қаржы институтының акционері Нұрлан Тілеубаевтың жеке "әмияны" болған. Жуырда лицензиясынан айырылған банк туралы Ұлттық банк төрағасы осылай деді.  "Капитал" порталына сұхбат берген Данияр Ақышевтың айтуынша, "DeltaBank" аса ірі банктер қатарына жатпайды. Соған қарамастан қысқа мерзімде квазимемлекеттік сектордан біраз ақша тартып үлгерген. Қайта банкте жеке тұлғалардың өз қаражатын көп сақтамағаны жақсы болды,- деп атап өтті бас банкир. Ең сорақысы, "DeltaBank" - монобизнеске айналған. Қаржы портфелінің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен байланысты. Шын мәнінде бір акционердің бизнесі болған "- дейді  төраға.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Банк тәуекелдерді бағалау жүйесін құру талабын орындамады. Тек акционердің бизнесі мен оған қатысты жобаларды ғана қаржыландырып келген. Егер мұндай қаржыландыру акционердің өз қаражаты есебінен жүргізілсе, әңгіме бөлек. Бірақ банк квазимемлекеттік сектордан қаражат тартты. Тиісті міндеттемелерге сәйкес ақы төлеу уақыты келгенде, қаржы ешқандай қатаң кепілдіксіз қарызға берілді. Несие бойынша төлемдер мүлде болмаған.

Бас банкирдің мәліметінше, қаржы институтында активтердің қалмағаны түсінікті болған соң, банктің лицензиясын қайтарып алу туралы шешім қабылданған. Акционер Ұлттық банк алдындағы міндеттерін орындауға ниет танытпады,- дейді Ақышев. Сондай-ақ "DeltaBankтің" кетуі жүйеге айтарлықтай қауіпті емес, бұл банк онсыз да биржа, қаржы және валюта нарығынан әлдеқашан шеттетілген еді деп қосты.