Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы тұрғындардың қордаланған мәселесін шешуге көмектесуде

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
2145
«Нұр Отан» партиясы тұрғындардың қордаланған мәселесін шешуге көмектесуде

«Нұр Отан» партиясының Павлодар филиалына жыл басынан бері 3 жарым мыңға жуық адамнан өтініш түскен. 35 пайызы оң шешімін тапса, қалғандары тиісті мекемелердің қарауына жіберілді.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі - Любовь Ситникова. Үш баланың анасы көзі нашар көретінін айтады. Туа біткен сырқатына байланысты мүгедектігі болған. Алайда, кезекті комиссия тексеруінен өте алмай қалыпты. Содан бері талай табалдырықты тоздырған. Мәселенің созылуына құжаттағы олқылықтар мен дәрігерлердің салғырттығы себеп,-дейді жалғызбасты ана. 

Любовь Ситникова, Павлодар қаласының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясына келіп, жағдайды түсіндірдім. Олар бірден мәселені шешуге кірісті. Бірер күнде қалалық №1 ауруханадан хабарласты. Сөйтіп, екі күннің ішінде бір жарым жыл бойы шешілмеген мүгедектікті рәсімдедім. Өте қуаныштымын.