Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жекеменшік қызмет көрсету орындарында сервистік қызмет сапасы төмен - Джон Шоул

AstanaTV
14.11.2017ж. 20:00
2784
Жекеменшік қызмет көрсету орындарында сервистік қызмет сапасы төмен - Джон Шоул

Қазақстанда жеке меншік қонақ үйлер, мейрамханалар мен өзге де қызмет көрсету орындары мемлекеттің көмегіне иек артып алған. Егер бұл кәсіп иелері АҚШ-та болғанда, тіпті күн көре алмайтын еді. Әйгілі америкалық қызмет көрсету саласының білгір маманы Джон Шоулдың пікірі осындай. Оның айтуынша, біздің елдегі қызмет көрсету саласы мамандарының басым көпшілігі клиентті жылы шыраймен қарсы алып, қоштасарда «келесі кездескенше» деген жылы сөзін де қимайды. Бұл өз кезегінде қонақ үйлер мен ресторандардың сервистік қызметін аяқ асты етеді. Компанияның табысын 50-60 пайызға дейін төмендетеді дейді ол. Ақшасын төлеген соң кез келген клиент өзіне қызмет көрсетушінің назар аударуын тілейді. Сондықтан бұл салада еңбек ететін мамандардың біліктілігін арттыру керек. Мұны жауапты азаматтар да жоққа шығармады 

Жанар Үсіпбекова, Астана қалалық қызмет сапасы академиясының басшысы:

Кемшіліктер бар. Оны біз мойындауымыз керек. Болашақта сол кісімен бірлесіп, қазақстандық компаниялар сервисті көтеру үшін, халыққа қызмет етуіміз керек. 

Бұл қонақ үйлер ғана емес, клиенттермен жұмыс істейтін барлық орындарға қатысты. Мысалы, Астанада қазір 300-ге жуық ресторан, 170 қонақ үй, 96 туристік фирма, 2 вокзал және 1 халықаралық әуежай бар. Онда келетін қонақтардың барлығы сапалы сервиспен қамтылуы тиіс. Осы мақсатта 19-шы қараша күні Рэдиссон қонақ үйінде Джон Шоулдың қатысуымен бизнес-семинар өтеді. Осыған барлық қызмет көрсету орындарының өкілдері қатысса, - дейді ұйымдастырушылар. Билет құны - 50 мың.

Жанар Үсіпбекова, Астана қалалық қызмет сапасы академиясының басшысы:

Біздің мақсат - семинарды Астанада өткізіп, сервис саласындағы ірі компанияларды сапалы қызметке бет бұрғызу.