Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Лондон полицейлері метрода болған жарылысты террорлық әрекет деп таныды

AstanaTV
15.09.2017ж. 20:00
1651
Лондон полицейлері метрода болған жарылысты террорлық әрекет деп таныды

Лондондағы метролардың бірінде болған жарылысты терроршылар жасаған. Қаланың күштік құрылымдары осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды Рейтерс.  Оқиға таңғы сағат 8:21 шамасында болды. Вагондардың біріндегі сөмкеде жатқан қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылған. «Жедел жәрдем» қызметі 18 адамға медициналық көмек көрсеткен, оның ішінде балалар да бар. Көбінің беті, денесі күйіп қалған. Лондондағы күштік құрылым өкілдері твиттер парақшасында болған оқиғаны растап, террорлық әрекет деп баға берді. Қазір терроризмге қарсы басқарма өкілдері куәгерлермен сөйлесіп, тергеу амалдарын бастап кетті.

Марк Роули, Лондон полиция басшысының орынбасары:

Біз құрылғының қолдан жасалған жарылғыш зат екенін анықтадық. Зардап шеккендердің барлығы дерлік күйіп қалған. Олардың өміріне қауіп жоқ. Тергеу амалдарына жүздеген детектив тартылды. Олар барлық бейнежазбаларды қарап, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ