Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің 15 миллиард теңгесін жымқырған

AstanaTV
20.11.2017ж. 20:00
2548
Мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің 15 миллиард теңгесін жымқырған

Елде 3 400 жемқорлық іс әшкере болды. Оның 1 мыңнан астамы сотқа жолданған. Мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің 15 миллиард теңгесін қолды еткен. Алайда оның 11 миллиарды қазынаға қайтарылған. Тағы 7 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынған. Бүгін президенттің қабылдауында болған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осындай есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заң қабылданғанда ешкімге, ешқандай жеңілдік болмайтынын, жемқорлықпен күреспен ауқымды түрде жүргізілетінін айтқан еді. Президент бұл істі одан әрі жалғастыруды тапсырды. Ал мемлекеттік қызметкерлерге қазына қаражатын тиімді жұмсауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Барлық мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті басшылар, әкімдіктер мемлекеттің қаржысын үнемдеуі керек. Ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы - халықтың ақшасы. Оның барлығын салық органдары да қарау керек, агентство да қарау керек. Осы жұмысты әрі қарай жақсылап жүргізетін болайық.