Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Кең тараған 5 анықтаманы иесінің рұқсатымен үшінші тарап сұрата алады

AstanaTV
20.11.2017ж. 20:00
1927
Кең тараған 5 анықтаманы иесінің рұқсатымен үшінші тарап сұрата алады

Келесі жылдан бастап анықтамалық құжаттарды сырттай алу мүмкіндігі пайда болады. Ол ең көп сұранысқа ие бес анықтамаға қатысты. Олар: мекенжай, жылжымайтын мүлігі жоқтығы туралы, зейнетақы аударымдары, тіркелген құқықтар туралы және сотталмағанын растайтын анықтамалар. Енді жұмыс орыны кез келген азаматтың тұрғылықты мекенжай анықтамасын сырттай өзі сұрата алады. Иесі СМС арқылы рұқсат берсе болғаны. Былтыр мемлекеттік корпорация азаматтарға 37 млн қызмет көрсеткен. Оның 95 пайызы кең тараған 5 анықтамаға тіреледі.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

2016 жылы мекенжай туралы 15 млн анықтама алынған. Мәселен, мектеп ата-ананың тұрғылықты жері туралы анықтаманы Әділет министрлігі базасынан өзі ала береді. Екі министрліктің базалары біріктіріледі деген сияқты. Бұл бір жағынан кезек санын азайтуға да сеп болмақ.

Келесі жылы Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында халыққа қызмет көрсететін арнайы орталықтар ашылады. Және Шығыс Қазақстан мен Атырауда құрылыстары басталады. Соңғы үш жылда арнайы қызмет көрсету орталықтары бюджетке миллиардтап пайда түсірген. «Ерекше» көлік нөміріне қызыққандар ақшасын аямапты. Барлығы 15 мың 760  нөмір сатылған.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

И заработало для бюджета 5 миллиардов 548 миллионов тенге.