Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
2071
Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде  Парламент Мәжілісі қызметінің маңызы зор. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасын қабылдаған Президент осылай деді.

Кездесуде Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына төменгі палатаның үшінші сессия кезеңінде атқарған жұмысын тізді. Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Төменгі палата депутаттары мақұлдаған құжаттар Сенатқа жолданған.