Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен қырғыз шекарасын енді Еуразиялық экономикалық одақ бақылауға алатын болады

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
3186
Қазақстан мен қырғыз шекарасын енді Еуразиялық экономикалық одақ бақылауға алатын болады

Қазақстан мен Қырғыз шекарасындағы бақылау формасы өзгереді. Екі ел шекарасындағы жағдайды реттеу жол картасына 2-ші желтоқсанда қазақ-қырғыз үкіметінің вице-премьерлері қол қойған еді. Ол 50 шарадан тұрады. Сарапшылардың айтуынша, екі жақты "Жол картасы" екі ел экономикасына ғана емес, қарым-қатынастың да нығаюына да әкеледі деп отыр. Сарапшылар, бұл шаралар әсіресе қырғыз экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді, дейді.

Жұмабек Сарабеков, ҚР Бірінші Президентінің қорына қарасты әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

Шекарадағы бақылаудың формасы өзгеріп жатыр. Тек қана бұл жерде Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары емес, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық бақылаушылары да болады. Яғни бұл жалпы мәселеге деген көзқарасының өзгеруі деп айтсақ болады.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Минскге жасаған ресми сапары кезінде қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Екіжақты басқосу қырғыз тарапының өтініші негізінде өткен болатын. Қазақстан Президенті екі ел үкіметі жанындағы жұмыс топтары жуық арада Жол картасы бойынша жұмыс жүргізетінін мәлімдеген еді.