Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясының павлодарлық филиалы мүшелерінің қатары толықты

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
1815
«Нұр Отан» партиясының павлодарлық филиалы мүшелерінің қатары толықты

«Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы мүшелері тағы 16 адамға толықты. Партиялық билетті алғандар қатарында кәсіпкерлер, зауыт жұмысшылары, студенттер мен ғылым, өнер саласының қызметкерлері бар.

Айта кетері, бұлардың әрбірі өз саласының үздігі. Облыстық филиал төрағасы Болат Бақауов саяси ұйымның санатына қосылған жаңа мүшелерді құттықтай келе, Елбасының сындарлы саясатын абыроймен атқаруды тіледі. Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шара Елбасына арналған суреттер мен кітаптар көрмесіне ұласты. Сондай-ақ жиналған қауым Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек және өмір жолын қамтыған кинофильмдерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Бауыржан Бекмұрзаев, кәсіпкер:

Басты мақсат - Елбасымыздың саясатын қолдап қана қоймай, осы «Нұр Отан» партиясы арқылы атқарылып жатқан көптеген бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Павлодар өңірінде нұротандықтардың жалпы саны 65 мың адамнан асады. Оның 70 пайызға жуығы - зауыт еңбеккерлері.