Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сағынтаев инвесторларға «тәтті тоқаш» тарту етуге әзір

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
2833
Сағынтаев инвесторларға «тәтті тоқаш» тарту етуге әзір

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инвесторларға "тәтті тоқаш" ұсынуға әзір. Белгілі экономикалық теория тәсілімен үкімет инвестиция тартуға барын салмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Жаһандық инвестициялық дөңгелек үстелде айтылды. Бұл ретте Қазақстан қандай қадамдарға баруы керек екені жөнінде белді компания өкілдері де ақыл-кеңесін аямады. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Қыста өтетін жиынға суықтан қорқып инвесторлар келмей қалуы мүмкін деген қауіпі болғанын Премьер жасырмады. Тырысқанымыз сонша, желтоқсанда ауа-райы Еуропадағыдай деді ол. Осылайша, Үкімет инвесторларға бар жағдайды жасауға әзір екенін білдірді. Мемлекеттік мекемелер кез келген сауалға 10 күн ішінде ағылшын тілінде жауап беруге міндеттелді. 2020 жылдан бастап барлық қызмет түрлері инвесторларға тек ағылшын тілінде көрсетіледі.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

В ЦОНы, государственные, клиники, школы, организации дошкольного образования, миграционные, налоговые службы будут специально набираться сотрудники со знанием английского языка

Ақылды қонақтар инвестицияны дәстүрлі салаға тартудан кету керек дейді. Мәселен, жапондық "Тойотамен" байланыстан гөрі, тап сол елден алпауыт технологиялық компанияларға "құда түскен" дұрыс дейді. Митсюбиши қаржы тобының жетекшісі бірнеше жыл бұрын трактормен ғана танымалған Польшада қазір "Самсунг" орталығы барын мысалға келтірді.

Кристофер Маркс, MIFG дамушы нарық департаментінің бастығы:

Неге «Гуглды» шақырмасқа, сіздерде жылдар бойы "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген бірнеше толқын қалыптасты. Технологиялық гиганттарды неге әкелмеске? Польша бұрын трактор, электр шамдары мен шағын "Фиат" көлігі арқылы ғана танылған. Қазір онда "Самсунгтің" қосымшаларын шығартын орталықтар бар. Талантты жастар мен арзан жұмыс күші бар. Міне, болашақ осыда.

Іле-шала жауап берген Премьер тосылып қалмады. "Майкрософт" пен "Айбиэм", аяңдап болса да, бізге де жетіпті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Сегодня пришел сюда Майкрософт начинает свой пилот в нашей стране. Пришел Айбиэм, начинает свой пилот по работе с искусственным интеллектом. 

Дүниежүзілік банк өкілі әрі бәсекеге қабілеттілік бойынша Үкіметтің кеңесшісі Стефка Славова онлайн сауда, онлайн қызмет көрсету кенже қалғанына тоқталды. Қытай, Араб елдерінің бай тұтынушыларын, интернет сауда арқылы тартып алуға болатынын айтты. Ал Премьер жаңа заңда онлайн сауда-саттық салықтан босатылғанын айтты. Тіпті сауда үйінің қожайыны Сағынтаевқа шағымданып үлгеріпті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Бірнеше сауда "моллдардың" қожайыны, жергілікті ірі кәсіпкер маған: Не істеп жатырсыздар? Мен қаржы құйып, құрылыс жүргіздім. Мен салған ғимараттар ертең не болады дейді. Иә, әлем өзгереді. Бұрын бұл тиімді болған шығар, қазір адамдар сауданы, қызметті басқаша алады. Әлемде көптеген ірі дүкендер жабылғанын естиміз. Ол бізге де жетті. 

Инвестор тарту үшін сандық экономикаға көшу көзделеді. Үкімет келесі жылы, мұны толық іске асырамыз деп, білек сыбанып отыр. Қызмет, құжат тегіс интернат арқылы электронды жүйеге ауысады. Премьер белгілі экономикалық теорияны басшылыққа алып, шет елдіктерге "тәтті тоқаш" тартуға бекініп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Чтобы было интересно нашим инвесторам, надо "пряники" давать. Помимо того, что он придет на этот сектор, должны быть "пряники". Эти "пряники" мы написали в наших законах, которые сейчас рассматриваются в Парламенте".

Түптен келгенде сандық экономикадан гөрі, тап қазір журналистерді мұнай бағасы көбірек алаңдатады. Бозымбаев ОПЕК келісімінің жалғасуы Қазақстанға оңайға соқпайтынын айтты. Бір жағынан өндіріс көлемін шектеу туралы келісім тоқтаса, баға бүгінгі 62-63 доллардан күрт төмендеуі мүмкін дейді. Сондықтан амалсыз қадам. Министр тіл-көзден сақтасын деп отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Сплюну тфу, тфу. Более чем 85,5 миллиона тонн нефти в этом году должны добыть. В сравнении с прошлогодним уровнем - 78 миллионов - это значительный шаг вперед.

Ертең Президент өңірде бизнесті дамытуға жағдай жасаған, яғни бірінші орын алған әкімді марапаттайды. Мұндай субрейтингтер де шикізатқа тәуелділіктен құтылудың бір жолы ретінде қарастырылады.