Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Отандық туризм саласының үлесі ІЖӨ 8 пайызын құрауы тиіс - Н.Назарбаев

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
5301
Отандық туризм саласының үлесі ІЖӨ 8 пайызын құрауы тиіс - Н.Назарбаев

2023 жылға дейін елдің туризм саласы ішкі жалпы өнімнің кемінде 8 пайызын құрауы тиіс. Алайда, отандық туризмді дамыту үшін жетілдіретін тұстар әлі де көп. Мысалы, бүгінгі күнге дейін бірде-бір туризм саласына байланысты нақты "стандарт" бекітілмеген. Бұл Қазақстанның туризм саласындағы ашық бәсекеде жоғарыдан көрінуіне бөгет жасайды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясына қарасты «Зерде» сараптама клубының отырысында айтылды. Мысалы, Түркияны айтпағанда, Грузияның өзі небары 5-6 жылда туризм саласын аяғынан тік тұрғызған. Фархад Қуанғанов бұл біздің де қолымыздан келеді деп есептейді.

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Кей елдерде туризм саласы ІЖӨ-нің 80 пайызын құрайды. Бұл Мальдив, Антигуа сынды шағын мемлкеттер. Бізге Туркияның туризмі жақсы таныс. Онда туризмнің үлес салмағы ІЖӨ-нің 12 пайызын құрап отыр. Грузия соңғы 5-6 жылда 27 пайызға жеткізді. Біз ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жүргізсек, тиісті межеге жете аламыз деп ойлаймын.

Қанат Оспанов, «Нұр Отан» партиясы стратегиялық зерттеулер бөлімінің басшысы:

Жалпы туристік өнім деген ұғым бар, бірақ, ұғымға байланысты бірде бір стандарт жоқ, бекітілмеген. Қазір туристік сала ашық бәсеке әлем бойынша. Мұнда жеңу үшін біз өте сапалы туристік өнім ұсынуымыз керек.

«Нұр Отан» партиясы мәдениет министрлігіне "Қазақстанның 100 туристік өнімі" деген жоба ұсынып отыр. Оның аясында шетелдік туристік фирмалармен әріптестік байланыс орнату қаралған. Мұнан өзге партия мүшелері мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын жолдады.