Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго ЭКСПО-2017 көрмесін аралап көрді

AstanaTV
01.08.2017ж. 20:00
2064
Әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго ЭКСПО-2017 көрмесін аралап көрді

Пласидо Доминго ЭКСПО-2017 көрмесін аралады. Әйгілі опера әншісі және дирижер халықаралық көрмеге отбасымен бірге келген.

Оны Ахметжан Есімов қарсы алып, алдымен «Нұр Әлем» павильонын аралатып, көрсетті. Онда ол «Құрметті қонақтар» кітапшасына есімін жазып, тілегін қалдырды. Соңғы рет Қазақстанға 2009 жылы келген маэстро «небары 8 жылда Астана адам танымастай өзгеріпті» деп, таңданысын білдірді. Испания, Австрия, Германия сынды мемлекеттердің павильонына да барды.

Естеріңізге сала кетсек, опера әншісі Астанаға 23-ші шілде күні келген. 29-ші шілдеге дейін Испанияның «алтын дауысы» Пласидо Доминго атындағы "Опералия" вокалистер байқауы өтті. Әлемдегі ең беделді конкурс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Опера әншісі Астанада 4-ші тамызға дейін болады.