Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

The New Yorker: АҚШ Асадты биліктен жедел шеттету туралы талабынан бас тартты

AstanaTV
12.12.2017ж. 20:00
1996
The New Yorker: АҚШ Асадты биліктен жедел шеттету туралы талабынан бас тартты

АҚШ Башар Асадтың Сирия президенті болып қалуына келісім беруге дайын. Яғни оның 2021 жылы өтетін президенттік сайлауға дейін билік басында қалуына қарсы емес. ұл туралы New Yorker басылымы хабарлады. Мақалада "АҚШ Асадты биліктен жедел шеттету туралы талабынан бас тартты, бұл шешім соғысты тойтаруға ықпал етеді. Сирияның одақтастары - Ресей мен Иранға, Асадты қолдайтын «Хезболла» қозғалысына да тиімді" деп жазылған.

Қазан айында Таяу Шығысқа сапарлаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон: «Құрама Штаттар Сириядағы бірлескен күштерді Башар Асадтың басқарғанын  қаламайды деп мәлімдеген еді. Бірақ, жағдай бұдан басқашалау өрбіді. Қазір бұл елді негізінен Асад үкіметі басқарып отыр. Ал, дипломатиялық тұрғыда АҚШ Сирияда бейбітшілікті сақтау процесінің шетінде қалып қойғандай,-деп жазады АҚШ басылымы.