Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірқатар өзгерістер енетіні белгілі

AstanaTV
12.12.2017ж. 20:00
2547
Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірқатар өзгерістер енетіні белгілі

Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірқатар өзгерістер енетіні белгілі. Осыған орай қор өкілдері түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін  зейнетақы қорының 250-ге жуық бөлімшесінде «ашық есік» күні өтті. Салымшылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Зейнетақымен қамту заңына сай, Қазақстан азаматы зейнетке шыққанда оның қордағы салымы инфляция деңгейіне қарай есептеледі. Яғни үкімет әр салымға кепілдік береді деген сөз. Келер жылы енгізілетін өзгерістерде салымшылар үшін тиімді тұстар қаралған.

Аслан Ниетов, «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалы директорының орынбасары:

Егер осы алушы қалауымен ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын салынса, енді ол ай сайын төленетін болады. Сонымен қатар төленетін сома мөлшерін есептеу әдістемесі өзгереді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ашық есік күнін тұрақты түрде өткізіп келеді. Шараға келушілер өз салымының жай-күйін білуге мүмкіндік алды. Өзге азаматтар қордың ғаламтордағы сайтынан жинақтары туралы мағлұмат алуға мүмкіндігі бар.