Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері Білім және ғылым министрімен жүздесті

AstanaTV
13.12.2017ж. 20:00
2812
Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері Білім және ғылым министрімен жүздесті

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларға қатысудан әлем бойынша 11-ші орында келеді. Біздің жеткіншектер әсіресе физика, химия, математика пәндері бойынша өзгелерден озық екенін дәлелдеген. Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстардан 10 032 медаль жеңіп алған. Оның 2 131-і алтын, 3 098 күміс, 4 481 қола медаль. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында мемлекет басшысы олармен жиі жүздесіп тұрады.

Бүгін оқуда озат екенін дәлелдеген қырыққа жуық жеткіншек Білім және ғылым министрімен кездесті. Халықаралық олимпиадаға қатысып жүлделі болған олар бас ұстазға көкейдегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ұйымдасытрушылар мұндай кездесулердің балаларды жеңіске құлшындыра түсеріне сенімді.

Шыңғыс Білялов, британдық «Хэйлибери-Алматы» мектебінің оқушысы:

Мен 5 жылдан бері математикалық олимпиадаларға қатысып жүрмін. Бірнеше рет республикалық олимпиадада жеңіске жеттім, халықаралық байқауға қатысқам. Министр бізге математика және философияны оқуға кеңес берді, және эмоционалды интеллект туралы айтқаны қатты ұнады.