Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жаңаөзенде едені опырылып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерінен көшіп жатыр

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
2748
Жаңаөзенде едені опырылып кеткен үйдің тұрғындары пәтерлерінен көшіп жатыр

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында едені опырылған үйдегі отбасылар пәтерлерінен көшіп жатыр. Бірінші қабатта тұратын жұрт енді қабырғалар құлай ма деп қорқады. Абырой болғанда, адамдар аман. Тұрғындардың айтуынша, болған жағдайға жергілікті пәтер иелері кооперативі кінәлі. Қазір әкімдікте аталмыш оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған.

Елена Иванова, пәтерінің едені жертөлеге түсіп кеткенің естігенде, абдырап қалған. Екі бөлмелі баспананың қабырғалары да қаусап қалған. Еденнің астына кір жуғыш машина, ванна, тіпті ыдыс-аяқтар да құлады, тіпті өзім әупіріммен аман қалдым дейді.

Мен келдім мында, сұмдық болып жатыр. Пол подвалға түскен. Кеше келсем, есікті ашып, өзім құлай жаздадым.

Бұл пәтерде көп балалы отбасы тұрған. Оқиға болған күні тұрғындар үйде болмағандықтан, аман қалды. Көршілер осы жағдайдың боларын сезгендіктен, алдын ала заттарын жинап, қамданып отырыпты. Еденнің жертөлеге құлап кетуін бірінші қабаттағы барлық пәтерлерден көруге болады.

Жертөлеге түскен адамдардың сөзінше, онда су болған жерде құлау салдарынан зақым келген екен.

Алайда, жергілікті тұрғын үй кооперативі басшылары, болған оқиғаның салдары құбырлардан емес, дейді. Яғни 20 жылда олардың шіріп кетуі мүмкін еместігін айтып отыр.

Кұрбанбай Қарасаев, «Нұрлан» ПИК төрағасы:

Жоғарыдан канализация ағып, үйге кеткен болуы мүмкін. Біздің ойымызда. Сосын канализация кетіп, үйде ешкім болмағансоң, бізге де  өтініш келмеген. Содан ішке су кеткен.

Жергілікті пәтер иелері кооперативі осымен 2-ші күн жертөледегі қоқыстарды шығарумен айналысып жатыр. Ал шенеуніктердің айтуынша, келесі аптадан бастап пәтерлерге толық  жөндеу жұмыстары жүргізіле бастайды.

Нұрхан Мұстафаев, Жаңаөзен қаласы әкімдігі ТҮКШ бөлімі жетекшісі:

Қазір әкімдік тарапынан жедел жұмыс тобы құрылып, бар шараны жасап жатырмыз. Еден құлағанда, ол үйде адам болмаған, адам шығыны жоқ. Қазір комиссия тиісті тексеріс жүргізіп жатыр. 

Жөндеу жұмыстарын жаңа жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Әкімдікте осы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылған. Олар оқыс оқиғаның себебін анықтап,  жөндеуге кететін шығынды есептейді.  

Базаргүл ОТЫНШИЕВА