Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылордадағы әкімшілік мамандарының 17 қызметкері жемқорлық үшін істі болған

AstanaTV
21.12.2017ж. 20:00
2367
Қызылордадағы әкімшілік мамандарының 17 қызметкері жемқорлық үшін істі болған

Биыл Қызылорда облысында 102 сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің жиынында айтылды. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты жою үшін партия тарапынан жасалған жемқорлықпен күрес бағдарламасының барысы сөз болды. 10 жылға жоспарланған ауқымды құжатты жүзеге асыру 2025 жылға дейін жалғасады. Жемқорлыққа белшесінен батқандар қатарында құрылыс, білім және денсаулық сақтау салаларын айтуға болады. Пара алу, қаржы жымқыру сынды құқық бұзушылықтар әкімшілік мамандарына да жұққан сыңайлы. Мәселен, осындай қылмыс жасағаны үшін 17 маман сотқа тартылыпты. Қала билігі жемқорлықтың артуы, мемлекеттік бағдарламалардың көбеюімен де байланысты болуы мүмкін деп топшылап отыр.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

Жұмыс көлемі қарқынды дамып жатыр. Бұл, әрине, біздің жауапкершілігімізді арттыра түседі. Біз елде бірінші болып мемлекеттік сатып алулар басқармасын құрдық. Әкімдік аппаратында арнайы бөлім жұмыс істейді.

Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қызылорда облысының құқық қорғау органдарының статистикасына қарасақ, сонда заң бұзушылық көбейіп келеді, динамикасы сондай болған соң, осы сұрақты жоспарға енгіздік.