Негізгі / Жаңалықтар / 2018 жылы Қазақстанда 7 хоспис ашылады

2018 жылы Қазақстанда 7 хоспис ашылады

2018 жылы Қазақстанда 7 хоспис ашылады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы кураторының Денсаулық сақтау бағыты бойынша комиссия отырысында айтылды. Ресми дерекке сай, елімізде 20 мыңнан аса қазақстандық онкологиялық сырқаттың соңғы сатысында ауыратыны тіркелген. Алайда олардың жартысы ғана хоспистерде паллиативті жәрдем ала алады. Мұндай арнайы медициналық мекемелер еліміздің 7 аймағында бар дейді медицина саласының өкілдері. Қалған науқастар емін үйде алады екен. Мәселенің алдын алу үшін Қазақстанда тағы 7 хоспис ашу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, ведомствода паллиативті медициналық көмек бойынша қысқа мерзімді жол картасы жасалған. Құжат аясында, аталмыш дертке ұшырағандарды емдейтін медбикелерді оқытып, жаңа препараттарды енгізу жоспары бар.