Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

17 халықаралық олимпиадаға 568 оқушы қатысып, 256 медаль алған!

AstanaTV
30.12.2017ж. 20:00
1894
17 халықаралық олимпиадаға 568 оқушы қатысып, 256 медаль алған!

2017 жылы еліміздің оқушылары әлемнің әр бұрышында өткен 17 халықаралық олимпиадаға қатысқан. Математика, химия, физика, информатика, биология, герография пәндерінен. Қатысқан баланың нақты саны – 568, медаль саны – 256. Алтын – 37, күміс – 70, қола – 137 және марапат қағаз – 12. Мәліметті Білім және ғылым министрлігінен алдық. Мың сан проблема, әсіресе біз жиіркенетін коррупция мен «меншіктеп алуға» қарамай, лапылдап жанған балаларға қарап, асқақ армандардың қиял болып қалмайтынына сенесің. Бәрі айналып келгенде сапалы білімге, рухани байлыққа және жан азаттығына байланысты.

Жаңа жыл берекелі болсын! Мен өздеріңізбен қаңтардың 13-не дейін қоштасамын, жүздескенше!