Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Астана» телеарнасының жаңа маусымында көремендер тың сериалдармен қауышады

AstanaTV
02.08.2017ж. 20:00
3949
«Астана» телеарнасының жаңа маусымында көремендер тың сериалдармен қауышады

Баласынан тірідей бас тартатын безбүйрек әйелдер, бала тағдырына бас қатырмайтын ерлер. Қазіргі қоғамда жиі кездесетін мұндай оқиғалар "Астана" арнасы түсіріп жатқан "Асыл арман" телехикаясына арқау болады. Арнамыз жаңа маусымға жаңа отандық телехикая дайындап жатыр. 60 бөлімнен тұратын туындының түсрілімі бүгін басталды. Оның мазмұны күнделікті адамдардың өмірінен алынған. Сценарий авторлары елде болып жатқан жантүршігерлік оқиғаларды назарда ұстады және сериалға қосты. Оның барлығы Жәния есімді қыздың бастан кешкен оқиғалары етіп көрсетілмек.

Нұрғиса Әлмұрат, режиссер:

Өзіміздің өмір, жалпы қоғамда болып жатқан жағдайлар. Баланы тастап кету, жас қыздар өздерінің ақымақтығына байланысты балаларын тастап кетіп жатады. Әкелер де тастап кетіп жатады. Осы сияқты мәселелер қозғалады. Жауапсыз махаббат деген бар, оқиғалар қайталана береді. Қайғы, қуаныш бәрі осында.

Зухра Сайпи, актриса:

Өзім 60 серияның 20 сериясымен таныстым. Сценарий қызықты. Құдай қаласа,  «Астана» арнасының көремендері көре жатады. 

Айта өтейік, сериал актерлерін іріктеу мақсатындағы кастинг бір айға созылды. Жаңа телехикаядан тіс қаққан шебер актерлермен бірге, жастарды да көресіз. Ал шығармашылық топ - бұған дейін көрермен көзайымына айналған "Жібек" және "Жібек-2" телехикаясын түсірген мамандар. Бұл екі сериал еліміздегі отандық телехикаялар арасында рейтингтік көрсеткішімен бірінші орынға шыққан еді. Жаңа туынды да көрермен көңілінен шығады деген сенімдеміз. "Асыл арман" телехикаясы биылғы күздің басты премьерасы болмақ.