Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Арнайы экономикалық аймақтарға жеңілдік жасау ДСҰ шарттарына қайшы келмейді - депутат

AstanaTV
28.12.2017ж. 20:00
2520
Арнайы экономикалық аймақтарға  жеңілдік жасау ДСҰ шарттарына қайшы келмейді - депутат

Арнайы экономикалық аймақтарға жеңілдік беру Дүниежүзілік сауда ұйымы талаптарына қайшы келмейді. Мәжіліс депутаты Мейрам Пшембаев осылай деді. Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтарды дамыту ісінің қолға алынғанына біраз жыл болды. Алайда, ерекше серпін байқалмайды. Жуырда  "Алатау" инновациялық технологиялар паркіне қатысты Президент де мұны ескертіп өткен. Елде 11 арнайы экономикалық аймақ бар. Әлемде олардың саны 3500-дей. Аталған аймақтарға жеңілдік жасау әлемдік тәжірибеде бар,- дейді депутат Пішембаев.

Мейрам Пішембаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Инвестиция тарту, бизнеске жағдай жасау - елдің ішкі мәселесі. Басқа артықшылықтар сұрап отырған жоқпыз.

Мәжіліс қарауына түскен жаңа Заң жобасына сәйкес арнайы және индустриалды аймақтардағы басқарушы компаниялар жеңілдіктерге ие болады. Яғни олар кәсіпкерлерге жер телімін өз бетінше бере алады, инвесторлармен бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Аяқталмаған нысандар жер салығынан босатылған. Басқарушы компаниялар жер мен мүлікке салық төлемейді. Ол табыс пен пайдаға оң әсер етеді. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналды шаруашылық қызметі арқылы да пайда таба алады.

Ербол Тасжүреков, ҚР ИДМ комитет төрағасының міндетін атқарушы:

Сондай-ақ ғимаратты жалдау ақысынан да босатуды ойлаймыз. Басқарушы компанияға түсетін салықтық салмақтар басқа да қатысушыларға әсер ететіні түсінікті.