Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентке отыз жаңа автобус әкелінді

AstanaTV
09.01.2018ж. 20:00
2356
Шымкентке отыз жаңа автобус әкелінді

Ал Шымкентке су жаңа отыз автобус әкелінді. Бұл биыл сатып алынады деп жоспарланған 100 қоғамдық көліктің алғашқы партиясы. Қытайда шығарылған автобустарды жолаушы тасымалдаушы «Green bus» компаниясы алдыртқан. Ұзындығы он метрлік көліктерге 90 жолаушы еркін сияды. Қаланың арнайы логотипімен безендірілген қоғамдық көліктер дизель отынымен жүреді. Тасымалға жауапты азаматтардың айтуынша, тағы жетпіс көлік ай соңына дейін жеткізілмек. Жаңа автобустар шаһардағы 10 әлеуметтік бағытқа қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Заң талаптарына сәйкес алдағы күндері конкурс жарияланбақ.

Қуатжан Жұматаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Басқа тасымалдаушыны жүргізіп көрген кезде, яғни өзінің тапқан пайдасынан шығыны көп болды. Сол себепті заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар деп бекіткеннен кейін одан әрі қарай біз бюджеттен оны субсидияландырамыз.

Шымкенттік шенеуніктер өткен жылдың соңында жаппай қоғамдық көліктерге отырғанын хабарлаған едік. Осылайша қарапайым халыққа жақындап, жолаушы тасымалы қызметіндегі кемшіліктерге куә болған. Нәтижесінде бірқатар мәселелер шешімін тапты. Жаңа автобустардың әкелінуі де сол шараның нәтижесі деп сенеді  шенеуніктер.