Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Әділет министрінің қабылдауына келгендер деректер қорына қатысты шағымын жеткізді

AstanaTV
11.01.2018ж. 20:00
2445
Әділет министрінің қабылдауына келгендер деректер қорына қатысты шағымын жеткізді

«Оңтүстік-шығыс» тұрғын үй кешенінің үлескерлері әділет министрлігіндегі деректер қорының дұрыс ақпарат бермейтініне шағымданды. Бұл тұрғыдағы базынасын олар ведомствоның басшысы Марат Бекетаевқа жеткізді.

Министр «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді. Шағымын арқалай келген көпшіліктің айтуынша, деректер қорының активтерге, сондай-ақ тұрғын үйді салып жатқан құрылыс компаниясына қатысты ақпараты жеткіліксіз болатын көрінеді. Сонымен қатар азаматтар сот шешімінің көбінесе орындалмай жататынына наразы. Және бұған кедергі келтіретін жәйттардың көбейгенін айтады. 

Прокуратураға, басқа органдарға сұраныс берілген ШҚО әділет басқармасынан, түсіндірме сұраған. 

Айдын Егеубаев, Астана қаласының тұрғыны:

Министрлер келіп, кездесу өткізеді ғой, сонда біз біздің мәселелер бір оң шешімін табады деп ойлаймыз. Азаматтық қоғам болғандықтан, осыған араласуымызға тура келді. Мұның арғы жағы, болашағы бізді қатты алаңдатады.

Бақтыгүл Атағазиева, ҚР ӘМ тіркеу және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры:

Құрылыс әлі аяқталмаған. Кеше бір топ адам біздің министрлікке өтінішін қалдырған болатын. Енді осыны негізге алып, жұмыс жүргізетін боламыз.

«Нұр Отан» партиясы халық арасында сауалнама жүргізген. Онда азаматтардан қай министрдің қабылдауына барғысы келетіні сұралған еді. Дауыс беру партияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Марат Бекетаев осы сауалнама нәтижесі бойынша алдыңғы қатардан орын алды. Яғни тұрғындардың көпшілігі әділет министрінің қабылдауына кіруді қалайды екен.