Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«АвтоВАЗдың» жаңа басшылығы Қазақстан-Ресей бірлескен көлік зауыты жобасын жалғастыруға құлықты

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1309
«АвтоВАЗдың» жаңа басшылығы Қазақстан-Ресей бірлескен көлік зауыты жобасын жалғастыруға құлықты

Жылына 120 мың көлік құрастыратын Қазақстан-Ресей бірлескен автозауыт құрылысы жалғасады. Теріскейлік серіктестер жобаны қолдап отыр. Бұл туралы «Астана» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында «АвтоВаздың» жаңа президенті Николя Жан Этьен Мор мәлімдеді.  Екі ай бұрын тағайындалған ресейлік автохолдингтің басшысы Өскемендегі жаңа зауыттың құрылыс алаңында болды. «Азия Авто Қазастан» жобасы 2017 жылы ашылады деп жоспарланған.

Николя Жан Этьен Мор, «Автоваз» ААҚ президенті:

Бірлесіп салып жатқан жаңа зауыт - аса маңызды жоба. Мемлекет тарапынан оған үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Ол тиімді әрі табысты бастама боларына мен сенемін. Кәсіпорынға менің тарапымнан барлық қолдау көрсетіледі.

«АвтоВаз» басшылығы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовпен де кездесті. Онда аталған жобаға Қазақстан тарапынан  қандай қолдау болатыны сөз болды. Және  «Қазақстанда жасалған» көліктерді тұтыну нарығын кеңейту талқыланды. Елімізде құрастылырған көліктер Грузия мен Әзербайжанда саудалануы мүмкін.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Мен сіздермен екі сұрақты талқылағым келеді. Ол Грузия мен Әзербайжан. Оларда Шығыс Қазақстанның көлік құрастыру нарығын тартуды қарастырсақ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ