Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағандыдағы ұшақ зауыты жабылды

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
2248
Қарағандыдағы ұшақ зауыты жабылды

Қарағандыдағы ұшақ зауыты жабылды. Ел болып күткен «Фермер» ұшағы Қазақстанда мүлдем шығарылмайтын болды. Оның орнына өзге өндіріс ошағын ашуға ниетті инвесторлар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша,« ҚазАвиаСпектр» зауыты әуе көлігін бірлесіп шығармақ болған заңды әріптесі Қазан қаласындағы «МВЕН» кәсіпорнымен ортақ келісімге келе алмаған. Ресейлік компания ұшақ пен полимерден өндіріс технологиясын әзірлеп, Қарағанды зауыты оны құрастыруы тиіс еді. Алайда, технологиялық сызба-нұсқалардан кеткен қателіктің кесірінен жұмыс тоқтады. 

Әнуар Ахметжанов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Жоспарланған ұшақ енді шығарылмайды. Екі кәсіпорын келісе алмады. Бірақ зауыттың алаңы өте жақсы. Ресей, Украина кәсіпорындары қызығып отыр. Біз, әрине, авиацияға жақын өндіріске бергіміз келеді. Бірақ қандай да бір шектеу жоқ. Оның орнына көлік-логистикалық немесе химиялық зауыт ашылуы да мүмкін.

«ҚазАвиаСпектр» зауытының құрылысы 2010 жылы басталып, бір жылдан кейін пайдалануға берілді. Жылына 35 ауыл шаруашылық ұшағын шығарады деп жоспарланған. Мемлекет бұл жобаға 700 млн теңге бөлген еді. Бірақ экспортқа бағдарланған өнім шығаруы тиіс өнеркәсіп бір де бір ұшақ құрастыра алмады.

Айжан ҚУАШ