Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аралдағы апатты үйлер сүрілетін болды

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
2955
Аралдағы апатты үйлер сүрілетін болды

Қызылорда облысы Арал қаласындағы екі қабатты ескі нысан толықтай сүрілетін болды. Далада қалған 16 отбасын уақытша баспанамен қамтамасыз ету жергілікті билік өкілдеріне тапсырылды. Бұл азаматтар әзірге туыстарын жағалап жүр. 3 отбасы эвакуациялық бекетке жайғастырылған. 

Бауыржан Махатов, Арал қаласының әкімі:

Әлеуметтік карта жасалып жатыр - "Әр отбасы, әр үйге". Атаулы әлеуметтік көмек ала ма, әлеуметтік қорғалған ба, жұмыссыз ба, ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған ба - сол бойынша әр отбасыға жеке жұмыс толығымен жүргізіліп жатыр. 

Демалыс күндері Аралдағы екі қабатты ескі үйлердің екі бөлігін қосып тұрған өткел құлаған. Абырой болғанда, адамдар аман. Ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде пайдалануға беріліп, 90-шы жылдары тұрғын үй ретінде таратылған. 2016-шы жылы апатты деп танылғанымен, 16 отбасы тұрып келген. Бауыржан Махатовтың айтуынша, қалада осыған ұқсас тағы бір апатты үй бар. Тұрғындарға облыс бюджеті есебінен пәтер беру ісі қолға алынбақшы. Жобалық сметалық құжаттарға 3 миллион 700 мың теңге бөлу жоспарланып отыр.