Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Білім орнына қабылдау туралы онлайн түріндегі өтінішті телефоннан беруге болады

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
2907
Білім орнына қабылдау туралы онлайн түріндегі өтінішті телефоннан беруге болады

Білім ошағына қабылдау туралы онлайн түріндегі өтінішті телефоннан беруге болады. Бұл мектеп, колледж немесе университетке түсуге ниетті шәкірттерге қатысты. Мәжілістегі үкімет сағатында Ерлан Сағадиев білім беру саласын цифрландыру туралы есеп берді.  Көптеген мектептерде ғаламтор мәселесі күрделі күйде. Жылдамдығы секундына 4 мегабитқа жететін кең жолақты интернетпен 62 пайызы ғана қамтылған. Компьютермен жабдықтау бойынша 11 оқушыға 1 компьютерден келеді. Осылай деген депутаттар цифрландыру бағдарламасы көңіл көншітпейді деп отыр. Олар мұғалімдердің электронды журналмен қатар қағаз журналды да толтырып отырғанын сынға алды. Сағадиевтің сөзінше, министрлік ондай талап қоймаған.

Бірнеше бұйрық шығардық қой. Қазір жергілікті әкімдермен жиналып, әр облыста арнайы жиналыс өткіземіз.

Мұнан бөлек, информатика пәнін 1-ші сыныптан бастап енгізу қарастырылып жатыр. Қазір бұл пән 5-ші сыныптан оқытылады. Биыл информатиканы үшінші сыныптан бастап енгіземіз деді министр.