Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды

AstanaTV
19.03.2018ж. 20:00
3378
Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды

Астанада «Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды. Онда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары бейнеленген. Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауы негізінде ұйымдастырылды. Мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың есімін елге таныту.

Игі шараға бастамашы болған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі мамандық иелері қатысты. Ең мықты деген 100 адам онлайн дауыс беру арқылы іріктелген. Наурыздың 21-іне дейін жалғасатын фотокөрмеге кіру тегін.

Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық гвардиясы 65\05 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары:

Осындай көрмеде елдің дамуына үлес қосып, мемлекеттің болашағы үшін тер төгіп жүрген адамдардың арасында болу - мен үшін зор құрмет, деп білемін. Өте қуаныштымын.