Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оңтүстіктің тауар өндірушілері Өзбекстанмен бәсекелесе алуы керек - Т.Құлыбаев

AstanaTV
09.04.2018ж. 20:00
2459
Оңтүстіктің тауар өндірушілері Өзбекстанмен бәсекелесе алуы керек - Т.Құлыбаев

Оңтүстіктегі ауылшаруашылық тауар өндірушілері көрші елмен бәсекеге әзір болуы керек. Аймақтағы іскер азаматтармен кездескен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Өзбекстанмен тауар айналымының артқаны қуантады деген ол, жергілікті тауар өндірушілердің жағдайын назардан тыс қалдырмауын баса айтты. Бұл бағытта бірқатар мәселелер қолға алынбақ.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы:

Жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерін кооперациялар арқылы барынша қолдау қажет. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен осы мәселе жайында сөйлестік. Арнайы жұмыс тобын құрылатын болды. Өңірдің даму картасын қарап, кәсіпкерлерге тауарды өңдеу, сақтау және сату бойынша қандай ұсыныстар айта алатынымызды пысықтаймыз.

Тимур Құлыбаев жастарды кәсіпкерлікке мектеп жасынан бейімдеу қажеттігін айтты. Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, жоғарғы сынып оқушылары үшін арнайы пән енгізілетінін мәлімдеді. Бұл демографиялық өсімі жоғары оңтүстік үшін өте тиімді болмақ. Жиында Мақтарал мен Сарыағаш аудандарында кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашып, осы арқылы халықты бизнеске тарту жайы да әңгіме болды.