Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ресей елшілерін шығарғысы келетін елдер саны 26-ға жетті

AstanaTV
28.03.2018ж. 20:00
2081
Ресей елшілерін шығарғысы келетін елдер саны 26-ға жетті

Төрт мемлекет пен НАТО ресейлік дипломаттарды елден шығармақ. Бұл экс-тыңшы Скрипаль ісіне байланысты. Ресеймен қарым-қатынасты үзуге ниетті елдер саны 26-ға жетті, - деп хабарлайды Рейтерс. Дипломаттар саны 151-ге жеткен. АҚШ 60 дипкорпус қызметкерін елден шығармақ. Еуродақтан кемінде 35 елші кетуі ықтимал. Исландия билігі Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатын елеусіз қалдыратынын айтып қалды. Бұған дейін Еуроодақтың 18 мемлекеті мен өзге де бірнеше ел дипломаттарды кетіру туралы шешім шығарған.

Еске салайық, ресми Лондон экс-тыңшы Скрипаль мен оның қызының улануына қатысы бар деп Мәскеуді айыптаған. Ал Путин мұны "ақылға сиымсыз сандырақ" деп атады.