Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәжілісмендер аймақтарда президенттің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп жүр

AstanaTV
05.04.2018ж. 20:00
2559
Мәжілісмендер аймақтарда президенттің 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп жүр

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер бірнеше әлеуметтік және өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмысшылармен кездесті. Мақсат - Елбасының бес әлеуметтік бастамасын кеңінен түсіндіру. Мәжіліс депутаттары Қашар кентіндегі өндірістің ахуалымен танысты. Мұндағы басқарма жылына 15 миллион тонна кен өндіреді. Үш мыңға жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын заманауи технологияларды қолданады.

Альберт Рау, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: 

Қашар кен басқармасындағы «Ақылды карьер» жобасы өзгелерден оқ бойы озық тұрғаны сөзсіз. Кәсіпорын компьютерлік бағдарламалар арқылы алып техникаларды басқарып, кеннің сапасын бұрғылау кезінде анықтап, өндіріс экономикасын еселеуде. Мамандарды қайта даярлауға да зор мән беріп отыр. Бұл кәсіпорын еліміздегі өзге де өндіріс ошақтарына үлгі боларлықтай.

Ал Қызылорда өңіріне барған депутаттар аймақтағы құс шаруашылығының жұмысына оң баға берді. Осыдан 2 жыл бұрын іске қосылған серіктестік тәулігіне 20 мың дана жұмыртқа шығарып, өңірді қамтамасыз етіп отыр. Бұл шаруашылық былтыр "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы қаражат алып, екінші цехын іске қосқан. Енді құс өсіріп, оның етін өндіруді жоспарлапты. Бұдан бөлек жергілікті жеке кәсіпкердің 2008 жылы ашылған жылыжайынынң жұмысымен танысты. Қазан айында салған сарымсақты сәуіде жинап алатындарын айтты.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: 

Кәсіпкерлердің саны ғана емес, сапасы да өсіп келе жатыр деуге болады. Өйткені олар қазіргі заңдардың барлығын біліп отыр, тіпті тек қана несие алып қана емес, өзінің қаржысын салып, дамып жатқандар да бар. Мен ойлаймын, мұндай экологиялық таза өнімдер қай кезде де өздеріне жарнама жасай алады және шын мәнінде сұранысқа ие болады.