Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қытай ашық экономикаға көшеді, салықты азайтады - ҚХР төрағасы

AstanaTV
11.04.2018ж. 20:00
3097
Қытай ашық экономикаға көшеді, салықты азайтады - ҚХР төрағасы

Си Цзиньпин Қытай экономикасының ашықтығын арттыра түспек. Бао провинциясында өткен Азия экономикалық форумында осыны мәлімдеді. Қытай басшысы бүкіл әлеммен әріптестік орнату қажеттігін айтады. Бірқатар импорт тауарларға салықты азайтуға уәде берген. Оның ішінде көлік те бар. Шет елдік инвесторларға жол ашпақ. 

Си Цзиньпин,  ҚХР төрағасы:

Біріншіден, нарыққа енуді кеңейтеміз. Банк, құнды қағаздар және сақтандыру саласындағы компанияларға ақша құюға жол ашылады.

Си Цзиньпиннің сөзіне нарық бірден елең етті. АҚШ-та доллар мен азиялық акциялар өсті. Қытай басшысының айтқаны өзге көшбасшылардың көңілінен шыққандай. АҚШ президенті Дональд Трамп көлікке баж салығы азайғанына орай алғыс білдірді.