Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жеке капиталы төмендеген екінші деңгейлі банктер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

AstanaTV
11.04.2018ж. 20:00
2646
Жеке капиталы төмендеген екінші деңгейлі банктер қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Жеке капиталы төмендеген екінші деңгейлі банктер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәжілісте валюталық реттеу және бақылау жөніндегі заң жобасын талқылаған депутаттар осындай ұсыныс білдірді. Бұл елдегі ақшаны шетелге шығаруға тосқауыл қоюдың бір жолы.

Серік Құсайынов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Президент биылғы жолдауында банктерді нашар кредиттерден тазартудан бастап, қаржы секторын "қайта жүктеу" туралы нақты тапсырмалар берген. Осы заң жобасында көзделген шаралар президент тапсырмасын орындау үшін барынша толық шаралар болып табыла ма?

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Капиталды шығаруды шектеуге байланысты, банктердің лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, байланысы бар адамдарға ақшаны шығаруды доғару секілді тұстар заң жобасында қаралған. Қазір ол біздің талаптарымызға жауап береді.

Алайда Мәжіліс спикері, капиталдың төмендеуін бөлек норма етіп шығаруды ұсынып, Данияр Ақышевты батыл болуға шақырды. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Мемлекет басшысы Сізге акционерлер мен банкирлер шалқақтауын қоюы керек екенін айтты. Сіз қаталдату жағындасыз. Депутаттық корпус сізді қолдайды. Тәртіп орнататын уақыт жетті. Бұл норманы енгізейік.