Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға төмендетті

AstanaTV
16.04.2018ж. 20:00
2119
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға төмендетті

Базалық мөлшерлеме 9,25 пайызға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев айтты. Оның сөзінше, пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізі плюс-минус бір пайызға тең. Соған сай өтімділік бюро бойынша ставкалар 10,25 пайыз, ал өтімділік алу операциялары 8,25 пайыз болған. Осы өзгерістерге байланысты базалық мөлшерлеменің де төмендеуі байқалды. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме  биыл осымен үшінші мәрте қысқарды. Соңғы рет, Данияр Ақышев өткен айда өткізген баспасөз жиынында мөлшерлеменің тоғыз жарым пайызға тең болғанын айтқан.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Бұл шешім орта мерзімді бағалауға негізделеді. Бағалауға сәйкес инфляция ағымдағы жылдың соңына дейін және келесі жылы баяулайды. Инфляциялық күтулер төмендейді. Сондай-ақ, сыртқы нарықтарда жағымды ахуал сақталады. Алдыңғы аптада, Ресейдің қор және валюта нарықтарында болған жағдайға қарамастан, сыртқы сектордың орта мерзімдік кезеңде іргелі факторларының әсері оң деп бағаланады.