Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Содырлар Еуропаға тағы да соққы жасамақ - CNN

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
1481
Содырлар Еуропаға тағы да соққы жасамақ - CNN

Содырлар Еуропаға тағы да соққы жасамақ. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Батыс ақпарат құралдарының дерегіне сай, ДАИШ кәрі құрлықта жаңа терактілер жасағалы жатыр екен. Еупопа үрей құшағында. Содырлар Бельгия метросынан бөлек, АЭС-ті де жарып жіберуді жоспарлаған. Бұл туралы сақшылар терактіге қатысы бар деген 6 адамды ұстаған соң белгілі болды. Арнайы операция Жетте және Скарбек аудандарында өткен.

Мұндай шара Францияда да қолға алынды. Осының арқасында Парижде кезекті жарылыстың алды алынып, бір адам тұтқындалған. Белгілі болғандай, күдікті содырларды Европа елдері арқылы Сирияға атандырып отырған.

Мектептен үйге келе жатқанда, бүкіл аудан қоршауда екенін көрдім. Маған бұл жерде арнайы операция өтіп жатқанын айтты. Баспаналарыңнан шықпаңдар деді. Қорыққанымыздан таң атқанша тырп етпедік.

Тәртіп сақшылары Франция мен Бельгиядағы жарылыстарды бір лаңкестік топ ұйымдастырғанын анықтады. Еске салсақ, Салех Абдеслам 18 наурыз күні арнайы операция барысында қолға түскен. Ал оны қамауға алған соң 4 күннен кейін Бельгияда 30 адамның өмірін жалмаған жарылыс болды. Бельгия полициясы Салех Абдесламның мекен-жайын 3 ай бұрын білген деген ақпарат тарады. Бірақ бюрократиялық кедергілер кесірінен бұл дерек тиісті органдарға жетпей қалған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.  

Берік ХАСЕНОВ