Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің кездесуі өтті

AstanaTV
16.05.2018ж. 20:00
3888
Астанада теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің кездесуі өтті

Астанада теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің министрлері кездесті. Әлемде 48 мемлекет дүниежүзілік сауда айналымының 90 пайызын құрайтын теңіз сауда жолы мүмкіндігінен қиындық көруде. Арасында Қазақстан да бар. Десе де теңіз жолын құрлық не темір жол арқылы алмастырып, кедергілердің басым бөлігін жоюға мүмкіндік бар. Ол үшін сауда экспорттайтын және импорттайтын елдермен бірқатар келісім жасасу қажет. Астанада бас қосқан 32 мемлекеттің  көлік және сауда министрлері «Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін көлік байланыстарының әсері және сауданы оңтайландыру» тақырыбын қозғады. 

Әсет Асаубаев  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы:

Бұл жерде кедендік бақылау рәсімін оңтайландыру, шекарадан өту рәсімін жақсарту, көршілес елдерде қандай кедергі бар, қандай шаралар қабылдап жатыр деген мәселені қарап жатырмыз. 

Жиында сауда-саттықты жеңілдету бойынша дүниежүзілік сауда ұйымының келісімін жүзеге асыру жайы да қаралды. Транзиттік көлік инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жақсарту, темір жол, ішкі су жолдары, мұнай құбырлары, әуе көлігі саласын қамтитын бірқатар декларацияларға қол қойылды.