Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бүгін мұсылман қауымы үшін отыз күн Оразаға ниет ету күні

AstanaTV
16.05.2018ж. 20:00
3342
Бүгін мұсылман қауымы үшін отыз күн Оразаға ниет ету күні

Ертең қасиетті Рамазан айы басталады. Бүгін барша мұсылман қауымы үшін отыз күн Оразаға ниет ету күні. Алматы жұртшылығы бес парыздың бірін рухани тұрғыда өтеуге түрлі шаралар дайындап отыр. Шаһардағы мешіттерде тегін ауызашар ұйымдастырылады. Сондай-ақ интеллектуалдық сайыстар өткізіліп, үздік шыққандарға  қажылық сапарына тегін жолдама берілмек. Ғибадат орындарында тарауық намазы түнгі сағат 24.00-ге дейін оқылады. Алматы әкімдігі төрт бағыт бойынша арнайы автобустар ұйымдастырып, кесте бекітті. Жамағаттың қауіпсіздігі үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі.

Еркінбек Шоқаев, Алматы қаласының бас имамы:

Біз Ораза айында жоқтарға барынша көмектесуге, қарттарға қамқор, мүгедектерге жәрдемші болуға, әрбір игілікті жасауға ұмтылуымыз керек.  Осы өтетін жиындарды, меркелі шараларымызды, тойларымызды, бүкіл жамандықтың бастауы болған арақ-шарапсыз, спирттік ішімдіксіз өткізсе деген өтінішіміз бар.