Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Ар оларға жаннан қымбат па?» Ұлттық бірыңғай тест...

AstanaTV
23.06.2018ж. 20:45
1967
«Ар оларға жаннан қымбат па?» Ұлттық бірыңғай тест...

Мағжан ақын «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, жаннан қымбат оларға ар, мен жастарға сенемін!» деп жазған еді. Дегенмен... Ұлттық бірыңғай тест. Білім және ғылым министрлігі шілденің біріне дейін 167 пунктте өтетін сынаққа 147 мың 23 түлектің 102 мың 447-і қатысатынын айтты. 70 проценті. Олардың 75 проценті қазақ тілінде тапсырады. Бұл тілге байланысты уайымды басатын шамалы деректің бірі... Сонымен бірге 46 түлек ағылшын тілінде тапсырмақ. Менің тоқталатыным, ҰБТ барысында телефон арқылы көшіру. Иә, дәлелдеу қиын, бірақ «жоқ» дей алмайтын «құбылыс» дейміз бе, «қарақ» дейміз бе, әйтеуір бар нәрсе. Шын мәнінде қылмыс... Мұның бір шеті мектептердің деңгейін ҰБТ қорытындыларына қарай бағалауға барып тіреледі. Мұғалімдер директорлардан, директорлар әкімдерден сөз естіп, тіпті орнынан алынбас үшін осы әрекетке тосқауыл қоймақ түгілі, өздері араласып келді. Әрине, ешкім «иә, біз сөйтеміз» деп интервью бермейді. Бірақ өзімізді өзіміз алдағаннан өзіміздің ғана ұтылатынымызды ұқпайтынымыз өкінішті. ҰБТ 100 процент сондай демейміз. Дегенмен өтіріктің те барын айтқымыз келеді. Диана Сапарқызы жалғастырады. 

Мектеп түлектері:

Басында қиын болды. Кішкене қысылыңқырап. Барынша тырыстық енді. Біраз балалар көңіл күйлері түсіп, қиын болды. Түсінуге болады оны. Өз басымда бәрі жақсы болды. Жақсы тапсырдым деп ойлаймын.

Сұрақтар енді қиын болды. Оқыған сұрақтарымыздан да келді, басында. Бірақ әжептеуір қиын болды, енді. Қазақстан тарихынан мысалы, оқу сауаттылығы сияқты сұрақтар келді , ал ондайды біз өтпегенбіз.

Барымызды салып тырыстық.

-Қанша пайыз жауап бердің, өзіңнің ойыңша?

-80-90 пайыз деп ойлаймын.

Елде ұлттық бірыңғай тестілеудің өтіп жатқанына 4-ші күн. Сан тағдырларды шешетін сынақ шілденің 1-не дейін жалғаспақ. Министрліктің дерегінше, орта білім жүйесі биылғы білім бәсекесіне тыңғылықты дайындалған. Түлектерге жан-жақты қолдау көрсетіп бағыпты. Тест сұрақтарын 50 пайызға жаңартқан. Әйтсе де, кейбір ата-ана тестілеуге деген онша сенбейді. Емтиханның әділ өтетініне күмәнмен қарайды. Астаналық Әсима Әбілмәжинованың немересі бүгін үлкен өмірге аяқ басқалы тұр. Тұңғыш  қуаныштары ҰБТ-ны жақсы тапсырады деп үміттенеді. Грантқа ұпайы жетпей қалған жағдайда, ақылы оқытуға шамаларының жетпейтінін жасырмады. Иә, бұл әр қарапайым ата-ананың уайымы.

Әсима Әбілмәжинова, түлектің әжесі: 

Бізде сондай әділсіздік көп. Олардың ақшасы көп. Біз мысалы, ата екеуміз пенсионерміз. Бізде ондай көп ақша жоқ беретін.

Әділетсіздік демекші, ең өкініштісі, өткен жылдары ҰБТ-дан кейін қайғылы оқиғалар да болғаны.

Аятжан Ахметжан, сарапшы:

Бала қайдан суицидке барады. Бала әділетсіз болғандықтан,  өзі жақсы оқып жүріп, анау екіге оқып жүрген баланың өзінен әлде қайда жоғары балл алған кезде өмірден түңіледі. Егер елден бәрі біріңғай тәртіпте болатын болса, әрине өзіне көнеді. Өзінің білім солай екенін мойындайды.

Аятжан Ахметжан, сарапшы:

Біз жемқорлықты партадан бастадық. Партадағы оқушыға жемқорлықты үйреттік. Өтірікті үйреттік. Дәл осының кесірінен университеттегі студентіміз сапасыз. Сапасыз студент болғандықтан, ол жерден шығатын түлек сапасыз. Түлек сапасыз болғандықтан қоғамда жұмыс істейтін кадр сапасыз. Ал кадр сапасыз болғандықтан қоғам ілгерілемейді. Айналып келегенде басымыздан шіріп жатырмыз.  Министрлік шынайы жаны ашитын болса, кейбір қоғамның шуынан қорықпай керек. Сынасын. Сын түзелмей мін түзелмейді. Сынайды деп алып тастаса да, онда бәріміз қаласақ оқиық. Қаламасақ оқымайық.

Биыл Алжир билігі әрбір емтиханға бір сағат қалған кезде интернетті бүкіл ел аумағында толығымен бұғаттап тастауға шешім шығарған. Осындай әдіспен оқушылар телефон арқылы дайын жауапты көшіре алмайды деп отыр. Алжирдің білім министрі Нурия Бенгабриттің айтуынша, сынақ аяқталғанша бірде-бір адам интернетке қосыла алмайды. Біз сөзге тартқан сарапшы да интернетті мүлдем бұғаттап тастаған дұрыс, деп есептейді.

Аятжан Ахметжан, сарапшы:

Бұндай қатаң шараға бармасақ, онда екінші күні мыңдаған сапасыз кадр шығады. Мыңдаған жұмыссыз студент шығады. Одан мемлекет кері шегінбесе, ілгерілемейді. Халық ренжитін шығар, керек болса толыққанды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына беруге болады. Мысал, мен біраз мемлекеті білем ҰБТ-ны тек қана әскерилер өткізеді. Бір қарапайым адам жүрмейді ішінде.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

В этом году у нас более 85 процентов аудитории подключены к интернету. Где родители могут выходит на сайт и смотреть как ребенок сдает экзамены с дома с сотового телефона.

Аудиторияға кірерде тек темір заттар мен электрониканы тексеруші құралға сенім артып отыр. Иә, түлектердің қойны-қонышын тексеріп, қадір-қасиетін мансұқ етуге болмайды. Айналып келгенде, білім жүйесі шенеуніктерінің сөзіне сенуден басқа амал жоқ.

Рамазан Әлімқұлов, ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Аудиторияға кіргізген кезде жергілікті госкомиссия өздерінің қолына алып жұмыс жасайды. Ешқандай қатаң түрде я болмаса жынысы қыз бала болсын, ұл бала болсын оларды тексеретін құқық жоқ. Бірақ сонда да металорамка деп атаймыз, содан өткен кезде арнайы сигнал шықса, оны екі–үш рет өткізуге комиссия құқылы. Сондықтан сигнал өшпегенше, ол кісі өтеді.

Ал апта ішінде тест сұрақтары түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желілер арқылы тарағанда, әдеттегідей, тексеретіндерін айтты. 

Аятжан Ахметжан, сарапшы:

Біз миллиондаған ақша құйылған жобаларды сұрамаймыз, мына жоба қаншалықты іске асты дегенді сұрамаймыз. Дәл сол сияқты баланы да сұрамайтын деңгейге жетіп бара жатырмыз. Мен 11 жыл сабақ беретін болсам, мен жауаптымын. Өйткені менің атым - ұстаз. Ол менің балам. Ол менің екен егінім. Егінім шықпай қалса мен дихан ретін жауап беруім керек па?! Шәкіртім нашар көрсеткіш көрсетсе мен жауап беруім керекпін. Әр ұстаз білікті болмаса, әр ұстаз өз ісіне жауап бермесе, қоғамда студенттен азаматтық ұстаным шықпайды. Ал азамттық ұстаным жоқ мемлкеттің тұрғындарынан азаматтық қоғам қалыптаспайды.

Биыл 102 мыңдай түлек  ҰБТ тапсыруға ниет танытқан. Бұл  бітірушілердің 70 пайызға жуығы. Барлық түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайыз орыс тілінде, ал 46 түлек ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген. Осы жылы  студенттерге қосымша 20 мың оқу гранты бөлінгені белгілі. Министр грант бөлгенде былтырғыдай дау тумайды, дейді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Былтырғы жылы «Алтын белгі» алғандарға байланысты болды. Биыл өздерңіз білесіздер, сенат пен мәжіліс жаңа заңға сәйкес, алтын белгіге ие болған балаларға тек қана бірдей балл болғанда сонда жол берді. Биыл дау болмайды. 

Диана Сапарқызы, тілші:

Сонымен бірге, тәжірибелі ұстаздар жеңіл форматтағы сұрақтар балаларды терең білім алудан алшақтатып, жауаптарды тек жалаң жаттауға бағыттайды, деп алаңдайды. Бұл да күрделі мәселенің бірі. Дегенмен ең бастысы, әркім өзі үшін оқуы керектігін білгенінде шығар. Шын мәнінде бұл тест білім деңгейінің басты да, соңғы да көрсеткіші емес.