Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Парамен ұсталған судьялар. Түрмедегіні қорғаштаған прокурор...

AstanaTV
30.06.2018ж. 20:45
2040
Парамен ұсталған судьялар. Түрмедегіні қорғаштаған прокурор...

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы «1,6 млн теңге пара алды» деп күдікке ілінгенін хабарлады. Былтыр елімізде «пара алды» деген айыппен екі судья жауапкершілікке тартылған. Шымкенттің Еңбекші аудандық соты Қаратау аудандық сотының бұрынғы судьясы Ермахан Шалановты "500 мың теңге пара алды" деген айыппен жеті жылға соттаған. Жақында Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты мектеп директорынан «500 мың теңге пара алды» деп айыпталған Түркістан облысы Мақтарал аудандық сотының судьясы болған Абай Ниязбековке байланысты үкім шығарды: «Пара алды» деп танылған бұрынғы судьяны сот 4,5 жыл жазамен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте, ұлттық холдингтер мен компанияларда қызмет істеу құқығынан да айырды. Ал биылғы алты айда 4 судьяға қатысты тергеу басталған... Сондай-ақ, осы аптада Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жақында қызметінен алынған Алматының прокуроры Ғабит Миразов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясын басқарып тұрғанында сотталып, жазасын өтеп жатқан Талғат Ермегияевпен «заңсыз байланыс орнатқан және оны қорғаштаған» деп мәлімдеді. Миразов қызметінен алынғаны сол екен. Алдында Ермегиявтің колонияда жайлы өмір сүріп жатқаны туралы ақпарат шыққан еді...