Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

30 маусым 1 шілде аралығында "Көшпенділер әлемі" халықаралық фестивлі өтеді

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2146
30 маусым 1 шілде аралығында "Көшпенділер әлемі" халықаралық фестивлі өтеді

Сенбі, жексенбі күндері Астанада "Көшпенділер әлемі" халықаралық фестивалі өтеді. Астананың 20 жылдығына орайластырылған шараға Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Башқұртстан, Якутия, Қырғызстан мен Қазақстан командалары қатысады.

Онда орта ғасырдағы жаужүрек батырлардың бейнесі қайта тіріліп, майдан даласындағы айқас көрсетіледі. Фестивальға қатысушылар көшпенділердің 3 тарихи эпосын көрсетеді. Рухты көтеретін қойылымға негізделген шара "Қазанат" атшабары аумағында болады. Ол үшін тегін автобустар қарастырылған. Этноауыл 7 ауылдан құралған. Қолөнершілер шеберлікке тегін үйретеді.