Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Аймақтарға рақмет!» Өңірлердің Астанаға тартуы.

AstanaTV
07.07.2018ж. 20:45
6418
«Аймақтарға рақмет!» Өңірлердің Астанаға тартуы.

Астанаға облыстар тарту жасағаны мәлім. Жаяу адам жүретін көпір ерекше. Әдемі. Жалпы «көпір» деген тұйықтан, шеңберден шығаратын, қозғалысты іркіліссіз ететін зат ретінде ассоциация береді. Ал егер жүргіншінің көпірі болса, символдық мәні артады. Тек, көпір жоқтықтан қиналып отырған ауылдар еске түсіп, оларға сән-салтанаты келіспей-ақ қойсын, берік көпірлер салынып берілсе дейміз, сол кезде картина толымды шығады. Астанаға аймақтар жасаған сыйлықтар жайлы Диана Сапарқызы. 

Диана Сапарқызы, тілші:

Астанаға 20 жыл! 20 жылда ауқымды өзгерістердің күәсі болдық. Осынау мерейтой қарсаңында аймақтардан сыйлық қарша борады. «Аймақтардың Астанаға тартуы» жобасы аясында елордаға ірі 10 сыйлық жасалды. Астаналықтарды аймақтар  қандай сыйлықтармен қуантты?! Онда бірге қызықтайық, көрермен.

Диана Сапарқызы, тілші:

Атырау облысы  айрықша сыйлықпен қуантты. Ол мына «Атырау» көпірі. Жоғарыдан қарағанда бекіре балығына ұқсайды. Бұл көпір  жаяу жүргіншілер мен  велосипедшілерге арналған. Айта кететіні 5 ай ішінде - қысқа мерзімде салынған.

Жоба құны - 6 млрд теңге;

Ұзындығы - 313,5 м, ені - 10,5 метр, салмағы-1920 тонна.

- Мерекелерңізбен, Атыраудың Астанаға тартуы ұнады сіздерге?

Иә, ұнады, рахмет. Астанаға берген Атырау облысының сыйлығы өте әдемі. Көрікті сұлу деп айтсақ болады. Рахмет сіздерге. Мына Астананың 20 жылдығы құтты болсын. Барлықтарыңызға шаттық, береке тілеймін.

Иә ұнады. Мерекелерңіз құтты болсын. Атыраудың салған көпірі керемет, көз тойғысыз сұлу. Әдемі бәрі осылай мерекелеріңіз құтты болсын, Астана күні.

Жоба құны-1,5 млрд теңге; ұзындығы- 70 метр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Сыр өңірі - Қызылорда облысы Астанаға ашық аспан астындағы ғарыш музейін салып берді.  Бұнда бірнеше зымыран тасығыштары, сондай-ақ «Боран» орбита кемесінің үлгілерін қызықтай аласыздар.

Монументтің биіктігі  - 14 метр;

Аллея ұзындығы – 250метр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Ал, қарағандылықтар «Ұлытау» аллеясы мен «Қазақ еліне мың алғыс» монументін  тарту етті. Ескерткіште  қазақ әйелі бейнеленген. Ал, бауырындағы балалар -  өзге ұлт өкілдері. Репрессиялар кезінде көптеген ұлттарды құшағына басқан қазақ елінің мейірімділігін бейнелейді.

Мерейтойға жасалған басқа да сый-сыяпаттар жетерлік. Айта кетсек, Алматы облысы 240 орындық бала-бақша сыйласа, ал Батыс Қазақстан облысы Мәншүк батырдың ескерткіші мен оның жанында абаттандырылған  сквер тарту етті. 

Жоба құны- 938 млн теңге;

Ішкі диаметрі- 73 метр, тайқазанның биіктігі- 6,5 метр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Шығыс Қазақстан облысы Астананың туған күніне фонтан сыйлады. Ерекшелігі түрлі түске боялып, ән салады. Бұл – Елордадағы ең үлкен субұрқақ.Фонтанның  формасы шеңбер тәрізді. Қарап отырсаңыздар, қақ ортасында тайқазан орналасқан. Қазанда сорпа қайнап жатқандай  көрініс береді. Ал қоршаған саябақта  600-ден астам өсімдік түрі бар. 

- Сәлеметсіздер ме! Фонтан өте ұнады. Жақсы. Әдемі екен. Спасибо Восточно-Казахстанкойобласти за такой замечательный подарок. С праздником всех!

Прекрасный фонтан. Всех с праздником столицы. Очень красиво да?!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас все регионы Казахстана принимают участие в подготовке, что-то подарить хотят городу: кто-то сквер, кто-то новую улицу, кто-то школу, кто-то детский сад - им большое спасибо, потому что это столица нашей Родины, столица всех казахстанцев. И чтоб в столице были места, напоминающие каждый регион, если вы видите и улицы тоже мы называем, не забывая наши регионы - это правильно. Тем более сюда съехались сейчас со всего Казахстана.

Диана Сапарқызы, тілші:

Оңшыл да, солшыл да емес, мемлекеттілікті мәңгілік ету позициясынан жүргізілген саясаттың нәтижесінде "Астананың гүлденуі - елдің гүлденуі" деген ұран жәй, қызыл сөзге айналмады. Онда реализм бар. Сонымен қатар елдің ордасы Еуразиялық кеңістікте санасатын ойыншыға айналып келеді. Меркелеріңізбен!