Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ләззат Танысбай "Нұр Медиа" холдингінің Бас директоры болып тағайындалды

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
6310
Ләззат Танысбай "Нұр Медиа" холдингінің Бас директоры болып тағайындалды

"Астана" телеарнасының Бас директоры Ләззат Танысбай "Нұр-Медиа" холдингінің Бас директоры болып тағайындалды. Дегенмен ол "Астана" арнасындағы қызметінде қала береді. "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары "Нұр-Медиа" жұмысын жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отырғанын айтты. Мәулен Әшімбаев: "Ләззат Танысбай өзін масс-медиа саласының талантты қызметкері ретінде таныта білді. Сондықтан оның басшылыққа тағайындалуы партиялық холдинг қызметіне серпін береді",- деді. 2008 жылы "Нұр Отан" партиясының бастамасымен құрылған медиахолдингке танымал БАҚ қарайды. Ол "Айқын", "Литер", "Түркістан" республикалық қоғамдық-саяси газеттері, "Қазақстан теміржолшысы" басылымы,  "Астана" телеарнасы мен NS және Орда ФМ радиолары.