Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкент пен Қызылорда тұрғындары 103,2 Астана толқынын тыңдай алады

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
3255
Шымкент пен  Қызылорда тұрғындары 103,2 Астана толқынын тыңдай алады

«Орда FM» радиосы көкжиегін кеңейтті. Енді 103,2 астаналық толқынның жаңалықтарын Шымкент пен Қызылорда тұрғындары да тыңдай алады. 5 жыл бұрын іске қосылған радиостанция  қысқа уақыт ішінде тыңдаушыларын мойындатты. Бүгінгі таңда ол Астананың ең танымал үш станция қатарында. «Орда FM» радиосы күн сайын тыңдармандар үшін интеллектуалды жарыстар мен түрлі акциялар өткізіп, студияға қазақстандық жұлдыздар шақырады. Радиостанцияның танымал шоулары - «Джентльмендер лигасы». «ҚұттықTIME» - таңертеңгілік құттықтау бағдарламасы. Ал кешкі шығарылымын, танымал радио жүргізушісі Майра Төлепберген мен Жасұлан Жүрсінұлы жүргізеді. Сондай-ақ, «Орда FM»-да күн сайын 6 рет жаңалықтар топтамасымен таныстырады.