Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астананың 20-сыншы туған күнін дүркіретіп тойлауды жұрт бастап кетті

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
3110
Астананың  20-сыншы туған күнін дүркіретіп тойлауды жұрт  бастап кетті

Тойдың болғанынан боладысы қызық. Елордада Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау әлдеқашан басталып кетті. Астана аспаны ән мен күйге бөленіп, барлық жерде думанның дауысы естіліп жатыр.  Биыл қала күнінде қандай ерекше шаралар ұйымдастырылады? Астаналықтар мен қала қонақтарын қандай сый күтіп тұр? Сабина Мәдиқызы тарқатады.

Бұл ресейлік "Недослов" театры. Көрермен көңілінен шығу үшін қойылымдарын пысықтап жатыр. Ым тіліндегі спектакль Астанада алғаш рет қойылғалы отыр. Оған Ресей, Украина мен Қазақстанның ерекше театрлары қатыспақ. "Ұлы дүние" халықаралық фестивалі аясында ым-ишара тілінде сөйлейтіндер де Астананың 20 жылдығын тойлауға атсалыспақ. Мүмкіндігі шектеулі қазақстандық әртістер алғаш рет өнер көрсетпек.

Гүлнафис Мырзашева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кинематография және театр өнер басқармасының бас сарапшысы:

Бұл ерекше театрлар деп айтатынымыз қатысып жатқан театрлар ым-ишаратпен жұмыс істейтін саңыраулар театрлары қатысып жатыр. Бұл, әрине, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі  жандардың өнерге деген құлшынысын, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін, өмірдегі қиыншылығына қарамай, осындай өнермен айналысып жатқан жандарды қолдау болып табылады. 

Қазір бас шаһардың бұрыш-бұрышынан түрлі сый-тартулар мен мерекелік сайыстарды көруге болады. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да көше билері фестивалі өтіп жатыр. Бұл халықаралық шараны 10 мыңға жуық адам тамашаламақ. 

Мұнда Қазақстан, Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан секілді елдерден 1000-ға жуық өнерпаз жиналған. Олар 2 күн бойы заманауи көше билерін билеп, бақ сынаспақ. Ал  би сайысынан жүзден жүйрік атанған жеңімпазды 1 миллион теңге қаржылай сый күтіп тұр.

Бұдан өзге Бәйтерек алаңы мен Студенттер және Жерұйық саябақтарында түрлі концерттер ұйымдастырылмақ. Негізгі мерекелік шара Қазақ елі монументі алдында болады. Астаналықтар мен қала қонақтарының көбі осы гала-концертке жиналмақ.

Нарима Мұхамбетәлина, Астана қаласының мәдениет және спорт басқарма басшысының орынбасары:

Концертте Қазақстанның ең танымал жұлдыздары қатысады. Солардың арасында  Камшат Жолдыбаева, Ninety One, Ресейден келе жатқан "На-на" тобы, Әлішер Кәрімов тағы басқа жұлдыздар.

Ал жылдағы дәстүр бойынша биыл от шашу бейбітшілік және келісім сарайында болады. Ұйымдастырушылар әзірге оның уақытын құпия ұстап отыр. 

Сабина Мәдиқызы